Қызылорда облысында аса ірі көлемде "синтетика" саудаламақ болған күдікті құрықталды
Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі..
Бұл туралы «Әділдік Жолы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ләззат Бақтыбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Ақпаратты Қызылорда облыстық Полиция департаментінің өкілдері ресми растады.
Алайда Облыстық Білім басқармасы тарапынан ұсталған азаматтың мұғалім екендігі, не білім саласына қатысы бар екендігі нақтылануда.