Алаяқ халықты 63 млн теңгеге алдап, ақшаны құмар ойынға салған

1 276

Фото: pinterest.comСемей қаласында халықты 63 млн теңгеге алдап, ақшаны құмар ойынға салған ер адам сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлеріне алаяқтың құрбаны болған 32 тұрғын жүгінді. Өтірік сөзге сеніп қалған жәбірленушілер ер адамның қарызға деп сұраған ақшасын бере салған.  Осылайша, алаяқ жәбірленушілерден 250 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейін ақша алып келді. Соның салдарынан азаматтарға келтірілген жалпы шығын көлемі 63 млн теңгеден асқан.

  «Семей қалалық ПБ криминалдық полиция басқармасы мен СyberPol арнайы бөлімшесінің қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындап, ақшаны букмекерлік кеңседе бәске тіккенін жеткізген», — деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.  

Қалалық сот алаяқтық жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды. Сот шешімімен сотталушы 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.