Мектеп оқушыларының тамағынан құрт-құмырсқа табылды

1 574

Фото: Сахибам СадыроваПетропавлдағы Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының асханасынан оқушылардың тамағынан құрт-құмырсқа табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ата-аналар асхананың санитарлық жағдайына алаңдап, балалардың мектептен тамақтануға қорқып жүргенін айтуда. Сонымен қатар, соңғы уақытта тағамның дәмі өзгеріп, кейбір тамақтың шикі болып келуі де жиілеген. 

Шағымдардан кейін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізіп, “ешқандай талап бұзылмаған” деген қорытынды шығарған. Бұл шешім ата-аналардың наразылығын одан сайын күшейткен. Желі қолданушылары “СЭС қалайша ештеңе таппады?” деп сынап, мекемені қайта тексеруге шақырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.