Сот қызметкерлері үшін биыл ерекше жыл

304
24- маусым судьялар мен сот саласы қызметкерлерінің мерекесі болып белгіленді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Судьялар мен сот қызметкерлері үшін биыл ерекше жыл деп атауға болады. Себебі, біраз  уақыттан бері айтылып та, жазылып та жүрген мәселе оң шешімін тапты. 
  Қазақ халқының көрнекті жазушысы Шерхан Мұртаза «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты», деп бекер айтпаса керек. Қоғам үшін қабылданған сауатты заң қашанда пәрменді тетік болары анық. Ал, осы заңды басшылыққа алып жұмыс жасайтын судьялар мен сот саласы қызметкерлерінің жүгі қашанда ауыр әрі жауапты. Себебі, соттың бір шешімімен бірнеше тағдырлар шешіледі. Сондықтан болса керек судьяларға мүлт кетуге де қателесуге де болмайды. 
Деседе экономиканы жетілдіру мен қатар Қазақстанның саяси құрылымы да өзгерді. Орталық басқару жүйесінен жеке саясат жүргізу еркіндігіне көшті. Мемлекеттік билік тармақталып, сот жүйесі жеке дами бастады. Қазақстанның сот жүйесі елдің жалпы жағдайымен қатар өзгеріп, қарыштап келеді. Бүгінде сот өндірісіндегі істер мен судьяларға қатысты шағымдар легі азайған. Әрине жұмыс нәтижелі болған жерде сында, пікірде болатыны анық. Көш жүре түзелетіні секілді, егемендіктен бері қарай сот  жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар мен еселі еңбектің арқасында халықтың судьяларға деген сенімі артқан. Тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесі ескі кеңестік сарқыншақтардан арылды, қолданысқа жаңа институттар енгізілді, жаңа заңдар қабылданып, судьялар корпусының тиімді қызмет етуі үшін тәуелсіз сот жүйесінің қағидатына негізделген база қалыптасты. Бұның өзі тәуелсіз елдің пәрменді тетігі сот жүйесі бірнеше сатылардан өтіп, жүйенің жаңарғандығын көрсетеді. Мәселен жаңа базаның ерекшеліктерінің бірі — сот ашықтығы, судьялардың халықаралық деңгейдегі біліктілігін сынау, жаңа технологияларды енгізу, БАҚ өкілдерінің еркін форматта сот залынан ақпарат таратуының өзі үлкен жетістіктердің бірі дер едім. 


Бүгінде барлық сот залдары аудио-видео жазбалармен 100 пайыз толық қамтылған. «Сот кабинеті» ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот ашықтығын, сот төрелегін бұқараға жария етуде таптырмас құрал. Сот төрелігінің сапасын арттыру бағыттындағы реформалар, жаңа заңдар, тың жобалар, кодекстерге енгізілген өзгерістер халықтың сотқа, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырды. Заманға қарай адамы демекші, қазіргі таңда бұқараның барлығы заңмен сусынданған, саяси әрі заңды тұрғыдан сауатты. Сол себепті сыбайлас жемқорлықты болдырмай, алдын алу және күресу бойынша, судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігі, білім деңгейін арттыру мақсатында республикалық судьялар съезі өтіп отырады. Съезде жер-жерден жиналған судьялар пікірін ортаға салып,  жиі кездесетін күрмеулі мәселенің шешімін табуға серпін беріледі. Мінекей, ашықтық, жариялылық және судьяларға қойылатын талаптардың артуының арқасында қазіргі таңда әділ төрелігін айтар сот жүйесіне қатысты сын пікірлер азайған.
Мемлекет тәуелсіздігін жариялағаннан кейін басталған әлеуметтік және экономикалық, саяси қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, сот жүйесінің реформасы жүргізілді. Дербес елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің тағы бір жеке тармағы – соттың ірге тасы қаланды. Сол кезеңнен басталған реформа рет-ретімен заң-ережелер, бағдарламалар, халықаралық тәжірибе және сарапшылардың талқылауымен жетілдіріліп келеді. Сот жүйесінің қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының VII бөлімінде және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында айқындалған. Соттың мәртебесі мен беделімен дербестігі мемлекеттегі заң үстемдігінің, жеке азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, халықтың сенімі нақты көрсеткіші болып есептеледі. Сот билігі мемлекеттің негізін құрайтын, əлеуметтік саяси, экономикалық жəне демократиялық даму жолындағы басты тетік. Тараптардың сот билігіне сенім білдіруі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей əсер етеді. Сондықтан да пəрменді жəне тəуелсіз сот билігі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың кепілі əрі азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты құралы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судья болуға үміткерлер үшін талапты халықаралық деңгеймен сәйкестендіруді, сот жүйесіндегі қағаз бастылықты шектеп, халыққа қолайлы етуді тапсырды. Осы тапсырмалар, кезең-кезеңімен жолға қойылып, орындалуы сот жүйесінің тағы бір сатыға өсуі мен алға жылжуының көрінісі деп білемін.
Сондай-ақ, биылғы жылы алғаш рет кәсіби мерекелер тізіміне енген судьялар мен сот саласы қызметкерлерін мерекесімен құттықтаймын. Сот билігі өкілдеріне төреліктің айнасы болумен қатар, жоғары мәдениеттің, әдептіліктің үлгісі болып, әрдайым халықтың сенімінен шығуға тілектеспін.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сабыров Асхат Аббасұлы.