Қармақшы ауданында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

2 190

Қармақшы аудан әкімдігі"AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде ауыл шаруашылығын дамыту мен сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдымен, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Еркебаев Қармақшы ауданы бойынша ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы Жол картасының орындалу барысы жөнінде баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Кейінгі бөлімде сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Атап айтқанда:

ІІІ-Интернационал ауылдық округінің әкімі Ж.Қалымбетов,

Жаңажол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ф.Ералиева өз округтерінде жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен нақты нәтижелерге тоқталып өтті.

Отырыста бағдарламалар бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың орындалу деңгейі сараланып, туындаған өзекті мәселелер мен шешу жолдары кеңінен талқыланды. Комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар да айтылды.

Партиялық бақылау – "AMANAT" партиясының басты басымдықтарының бірі ретінде халық алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған тиімді құрал. Мұндай тұрақты бақылау отырыстары мемлекеттік бағдарламалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуге жол ашады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.