"Руың кім" фильмі депутат сынынан кейін прокаттан алынып тасталды

1 537

Фото: https://www.instagram.com/tiger_films_kzМәжіліс депутатының сынынан кейін отандық продюсерлік компания өз фильмін прокаттан алып тастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Tiger Films компаниясының өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында 11 қарашада премьерасы болған "Руың кім?" фильмін 18 қарашада прокаттан алынатынын мәлімдеді.

"Біз бұл фильмді ең ізгі, оң ниетпен түсірдік. Басты мақсатымыз – Қазақстан халқын бірлік пен татулыққа үндеу. Сатира мен юмор тілі арқылы руларға бөліну, бір руды екіншісінен жоғары қоюға ұмтылу – қате түсінік екенін көрсеткіміз келді.
Біздің тарапымыздан заң бұзушылық болған жоқ. Алайда фильмге қатысты екіұшты пікірлер туындап, оны талқылау барысында қоғамдық шиеленістің болмауы үшін, біз фильмді Қазақстандағы барлық кинотеатрлардың репертуарынан өз еркімізбен алып тастау туралы шешім қабылдадық.
Tiger Films студиясы әрдайым жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып келеді, және шығармашылығымыздың негізгі тақырыптарының бірі - Қазақстан халқының бірлігі. Біздің «Маша мен Дударай», «Менің үлкен қазақ отбасым» және басқа да фильмдеріміз соның дәлелі", - делінген компанияның ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында рушылдық мәселесін көтерген еді.

Депутат сауалында "қажетсіз тақырыпты арқау еткен арнайы фильм прокатқа шыққанын" атап өткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.