Қызылордадағы әскери-техникалық мектеп жаңа курсанттармен толықты
287

Жас жауынгерлер алдағы бір айдан астам уақыт аралығында жоспарға сай тиісті жауынгерлік даярлықтарын шыңдап, әскери тәртіппен танысатын болады. Әскери теориялық жетілдірген білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға да уақыттары жетерлік. Әскери ант қабылдау рәсіміне дейін арнайы оқу-жаттығу алаңында екі мәрте қарудан оқ атады.
Әскери-техникалық мектепте сарбаздарға әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер көп. Дәріс беретін мұғалімдердің білімі мен біліктілігі және курсанттармен жұмыс істеу тәжірибелері жоғары. Әскери мектеп оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қысқа уақыт ішінде әскери өмірдің қыр-сырын толықтай меңгеру қиын. Бірақ, осы мүмкіншілігімді пайдалана отырып әскери тәртіп пен қару-жарақты дұрыс қолдануды үйреніп, жауынгерлік тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындауға сенімдімін. Осы техникалық мектепті бітірген соң әскери салаға бет бұрсам деген мақсат та жоқ емес, – дейді әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушісі Азамат Жұматай.
«Атқыш» мамандығын меңгеріп шығатын түлектер еліміздің Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайын.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров