7 жасар бала Есілге құлап кеткен досын құтқарып қалды
Астанада балықшылар мұз астына түсіп кеткен 7 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, 102-ге Есіл өзенінің жағасында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққан туралы хабар келіп түскен. Шақырту бойынша сол жерге автопатруль жіберілді.
7 жасар бала түскі астан кейін досымен бірге жағалауда серуендеуге шыққаны анықталды. Ойнап жүріп балалар мұзға шығып кеткен. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға түсіп кеткен. Екінші бала жақын жерде балықшыларды көріп, жүгіріп барып көмек сұраған.
Астана қаласының полиция департаментінде балықшы Абдужапбар Абдурайымовқа қол сағатын сыйға тартқан. Досын құқарған 7 жасар Дархан Пуске грамота берілді.