7 жасар бала Есілге құлап кеткен досын құтқарып қалды

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотАстанада балықшылар мұз астына түсіп кеткен 7 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полицияның мәліметінше, 102-ге Есіл өзенінің жағасында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққан туралы хабар келіп түскен. Шақырту бойынша сол жерге автопатруль жіберілді.


7 жасар бала түскі астан кейін досымен бірге жағалауда серуендеуге шыққаны анықталды. Ойнап жүріп балалар мұзға шығып кеткен. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға түсіп кеткен. Екінші бала жақын жерде балықшыларды көріп, жүгіріп барып көмек сұраған.


"Балықшылар бірден суға батып бара жатқан балаға көмекке барады. Олар баланы судан шығарып үлгеріп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қазіргі уақытта баланың денсаулығы жақсы", - делінген Астана қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада.


Астана қаласының полиция департаментінде балықшы Абдужапбар Абдурайымовқа қол сағатын сыйға тартқан. Досын құқарған 7 жасар Дархан Пуске грамота берілді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.