Аймағамбетов зейнетақы жинағына қатысты өзгерісті жария етті
Қазақстанда зейнетақы төлемі мен мұрагерлердің құқығына қатысты ереже өзгереді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жария еткен.
Депутаттың айтуынша, бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады. Осылайша, биыл зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін шек екінші рет өсіп отыр.







