Аймағамбетов зейнетақы жинағына қатысты өзгерісті жария етті

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: depositphotos.comҚазақстанда зейнетақы төлемі мен мұрагерлердің құқығына қатысты ереже өзгереді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жария еткен.

Депутаттың айтуынша, бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді.

“Енді біз бұл ережені өзгерттік. Отбасыларға таңдау бердік. Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау - отбасының өз қолында. Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлыәрі икемді еттік”, – деп жазды ол.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады. Осылайша, биыл зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін шек екінші рет өсіп отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.