Анасы екі баласын екі миллион теңгеге сатпақ болды

1 558

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ru.freepik.comЖетісу облысында екі баласын заңсыз түрде ақшаға берді деген күдікпен 30 жастағы әйел ұсталды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әйел өзіне тиесілі екі кәмелетке толмаған баланы үшінші тұлғаларға шамамен екі миллион теңге көлемінде сатпақ болған. Полицияның хабарлауынша, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы (Кәмелетке толмағандарды саудалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында балалардың қазіргі жағдайы мен олардың кімге тапсырылғаны анықталып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында балалар мемлекет қарауына алынған.

«Бұл факті бойынша барлық мән-жай тексеріліп, күдіктінің байланыстары мен ықтимал делдалдар анықталуда. Тергеу жалғасып жатыр», — деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары аталған іс бойынша өзге де адамдардың қатысы болуы мүмкін дейді. Тергеу мүддесіне қатысты қосымша мәлімет әзірге жарияланбай отыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.