Алтын қазып ұсталған екі жігітті босату үшін олардан 10 мың доллар сұраған

1 561

Фото: видеодан скриншотҚаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті өзен арнасын заңсыз бұзып, алтын қазған екі азаматтың жазасын жеңілдетіп беремін деген азаматтарға қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот күдіктілерден ақша сұрағандардың әрқайсысын 2,4 жылға соттаған.

«2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының «Кеңқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше басқа жаққа бұрып, алтын қазған екі жігіттің ісі тіркелген еді. Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түрге өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген», - деп хабарлайды ҚМА.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.