Дербес мәліметтердің жария болуына қатысты тексеру жүргізілуде.

1 505

Фото: ©freepik.comҚазақстандықтардың жеке дерегін сату фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, мұны жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, құқық қорғау органдары тергеу әрекетін жүргізіп жатыр. Ал күдіктілер туралы ақпарат тергеу аяқталған соң жарияланады. Сонымен қатар ол деректердің таралуына мемлекеттік органдардың немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қатысы жоғын айтқан. Коняшкин мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік рөлдер бойынша қатаң шектелетінін айтты. Егер заң бұзушылық болса, жауапкершілік нақты пайдаланушыларға жүктеледі дейді. 

“Заңды бұзса немесе алынған ақпаратты заңсыз қолданса, оларға қатысты құқық қорғау шаралары жүргізіледі. Жеке деректердің заңсыз жиналуы көбіне фишингтік сілтемелер, қоңыраулар немесе заңсыз сайттарға апаратын QR-кодтар арқылы жүзеге асады. Мұндай сайттар сіздің дерегіңізді жинайды. Сонымен қатар деректер микрокаржы ұйымдары мен жеке ақпараттық жүйелер арқылы тараған”, – деді Коняшкин.

Министрлік жеке деректерді қорғау талаптары күшейтілгенін және заңбұзушылықтар үшін айыппұл артқанын мәлімдеді. Қазір деректердің таралуына деген жауапкершілікті  қылмыстық деңгейге дейін күшейту мәселесі қарастырылып жатыр.