Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден беріледі деген желіде тараған ақпаратты Министрлік жоққа шығарды

2 300

Фото: istockphoto.comЖеліде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 мың теңге аударылады деген ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, бұл – алаяқтардың кезекті құрығы. 

“Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз”, – делінген хабарламада. 

Министрлік жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын ескертті.