І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды
Баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Жетілгенов І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 31 425 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 66 450 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында да кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында
612,8 млн. теңгені құрайтын 56 жобаны несиелендіру жоспарлануда. «Жастарға арналған несие» бағдарламасы аясында
875 млн. теңгеге 175 жобаны қаржыландыру көзделуде. Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсыналған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері жалпы құны 8,9 млрд. теңгені құрайтын 229 жоба қолдау тапты.