Еліміздің бас мүфтиі коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, қазақстандықтарды екпе алуға шақырды

336

Фото: ДСМБас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қазақстандық QazVac екпесінің бірінші компонентін алды.
 Наурызбай қажы шариғатта вакцина салуға тыйым салынбағанын атап өтіп, бүкіл халықты иммундау кампаниясына қатысуға шақырды. 


Оның айтуынша, коронавирусты тек екпе салғызу арқылы жеңіп, бұ
рынғы өмір сүру қалпына оралуға болады. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дейді. Жалпы ислам шариғатында зәру жағдайда екпе салдыруға рұқсат етеді. Алла Тағала Құранда айтады, "өз қолдарыңызбен өз денсаулықтарыңызға қиянат жасамаңыздар". Пайғамбарымыздың хадисі бар. "Әрбір дертті Алла тағала оның шипасымен қоса жаратқан", дейді. Індеттің алдын алу үшін денсаулық сақтау мамандары екпе жасату керек деп жатыр. Біз де өзіміздің амандығымыз үшін елдің амандығы үшін алланың қалауыме екпе қабылдадым", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.