15жастағы қызды 38 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген

1 617

Фото:pixabay.comҚарағандыда ер адам 15 жастағы өгей қызын 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жасөспірімнің туған әкесі полицияға арзы жазып, қызын өз қолына алды.Қамқоршылық органдары жасөспірімнің анасын және өгей әкесін ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арыз берді.

“Мен өз балаларымды қолыма алғым келеді. Ұлым кәмелет жасқа толмаған, қызым да кәмелетке толмаған, тағы бір кенже қызым бар. Мен олардың бұл отбасында тұрып, өміріне қауіп төнгенін қаламаймын. Бұл өте қорқынышты жағдай. Менің кенже қызым бар. Олар оған да: "Сені де кейін күйеуге береміз" деген”, – дейді қыздың әкесі.

Ер адамның айтуынша, өгей әкенің үйінен тыйым салынған діни әдебиеттер табылған. Болған оқиғадан кейін төрт бала уақытша әкесіне берілді. Алайда әйелдің қазіргі күйеуінен тағы екі кішкентай баласы бар. Абай ауданының қамқоршылық бөлімі алты баланың барлығына қатысты анасы мен өгей әкені ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыз түсірді.

Қыз Алматыдағы жекеменшік мектепте онлайн оқып, хиджаб киген. Бірақ әкесінің жанына барған соң орамалды шешкен. Бұл – жасөспірімге қысым болғанын көрсетеді” деген қорытындыға келді қамқоршылық қызметі. Тіпті анасының әкесі – қыздың туған атасы – немересін қолдап отыр. 

Жасөспірімнің әкесінің айтуынша, анасы мен өгей әкесі қызды полицияға берген арызынан бас тартуға көндірген. Бірақ сараптама зорлықтың болғанын дәлелдеді. Зорлық ісі бойынша сот алдағы уақытта болады.