Қостанайда шалшық суға асфальт төсегендер жұрттың ашуына тиді

483
Желіде Қостанайдағы жол жөндеушілер шалшық суға асфальт төсеп жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сапасыз жасалып жатқан жол желі қолданушыларының ашуына тиді. Кадрдардан шалшық су үстіне асфальт төселіп жатқанын көруге болады.

Әкімдік Строительная көшесінің бойында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алайда жақын маңда су құбыры жарылып су жолды басып қалған.

"Мердігер жұмысты тоқтатып, асфальт төсеу үшін басқа учаскеге ауысты. "Қостанай-Су" қазір апаттың алдын алып, жөндеу жұмыстары жүретін учаскеден суды сорып алады. Барлығы дұрысталғаннан кейін, қайта жұмыс басталады", - деді Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.