Қызылорда прокурорлары тұтынушылардың құқығын қорғады

1 525

Тимур БатыршинҚызылорда облысының прокуратура органдары коммуналдық қызметті көрсетуші ұйымдар тарапынан тұтынушыларға негізсіз артық талаптар белгілегенін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің үлгілік шарты Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 12.11.2014ж. №117 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Үлгілік шарт).


Үлгілік шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындамаған тұтынушы тұрақсыздық айыбын төлейді, бірақ тұрақсыздық айыбының сомасы берешек сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.


Дегенмен «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мекемесі мен тұтынушылар арасында жасалған шарттарда тұрақсыздық айыбының шекті сомасы көзделмеген.


Бұның салдары тұтынушыларға қосымша шығындар келтірген.


Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде шарттар заңнама талаптарына сәйкестендірілді және 9321 тұтынушының, оның ішінде 399 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.