Аргентинада маймыл шешегі анықталды

480
Аргентиналық мамандар маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы ықтимал жағдайын зерттеп жатыр, - деп хабарлайды RT арнасы.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Испаниядан оралған Буэнос-Айрес провинциясының тұрғынында маймыл шешегіне ұқсас белгілер анықталған.

"Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің ықтимал жағдайы туралы хабарлады. Буэнос-Айрес қаласында осы аурудың белгілері бар науқас анықталды", - делінген хабарламада.

Науқастың жағдайы жақсы, бірақ оқшауланған.


Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ-та және Португалияда тіркелген болатын.


Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.