Қазақстанда 7 пайызбен ипотека алуға бола ма?
"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 25 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дегенмен кейбір банктер әлі күнге дейін несие беруден бас тартып отыр. 7 пайызбен берілетін ипотеканы қайдан алуға болатынын KAZ.NUR.KZ тілішілерінің мақаласынан оқи аласыз.
Биыл "7-20-25" бағдарламасы жалғасын тауып отыр. Оны жүзеге асыру үшін бір жылға 100 миллиард теңге, яғни бір тоқсанға 25 миллиард теңге бөлінді. Жақында "Крыша" порталы хабарлағандай, лимит жаңартылды.
Десе де бағдарламаға қатысқысы келетін қазақстандықтар несие алу қиынға соғуы мүмкін екеніне дайын болуы керек. Мәселе көптеген қалада баспана құны бағдарлама бойынша несиенің максималды сомасынан әлдеқашан асып кеткендігінде ғана емес.
Банктер ақша тапшылығына байланысты өтініш қабылдауға асығар емес. Банктердің дені лимит жоқтығын алға тартса, енді бірі қарыз алушыларға қосымша шарттар қойып отыр.
Өтінім беру ұзаққа созылатын процесске айналды, ал кейбір банктерде алдын ала өтініш беру мүмкіндігі бар, десе де алдын ала өтініш беру сіздің несие алуыңызға кепілдік бермейді, тек болашақта бағдарламаға қатысуға өтініш беру мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта бағдарламаға барлығы 7 екінші деңгейлі банк қатысып отыр.
Банктер өтініштерді қандай шарттармен қабылдап жатыр:
"Банк ЦентрКредит" – банктің сайтында клиент өз ЖСН-ін, құрылыс салушының БСН-ін және тұрғын үй кешенінің кадастрлық нөмірін көрсетуі керек. Өтініш мақұлданғаннан кейін өтініш беруші бөлімшеге шақырылады. Өтініштің мақұлданғанын күту бірнеше айға созылуы мүмкін;
Freedom Bank – сайтында анкета толтырып, содан кейін банктің қосымшасында өтініш беру процесін жалғастыруыңыз керек. Өтініш мақұлданғаннан кейін клиент күту кезегіне қойылады, бірақ қатысу үшін 1 миллион теңге салынған депозит болуы қажет. Күту уақыты кемінде үш айға созылуы мүмкін;
Halyk Bank – лимит болған жағдайда өтінішті тек банк бөлімшесінде бере аласыз. Өтініш мақұлданғаннан кейін пәтер табуға бір апта ғана беріледі. Егер пәтер таба алмасаңыз, өтінім күші жойылады;
ForteBank – өтінім мақұлданғаннан кейін ғана несие беріледі. Күту бірнеше айға созылуы мүмкін;
Altyn Bank – өтінімдерді тек қосымшасында беруге болады. Өтініш мақұлданғаннан кейін нотариус арқылы биометриямен онлайн режимде келісімшарт жасалады. Бірақ несиені тек Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында алуға болады.
Бағдарламаға Еуразиялық банк пен Bank RBK да қатысып жатыр. Оларда онлайн кезек жоқ, бірақ әзірге лимит болмағандықтан, "7-20-25" ипотекасына өтініш қабылдау тоқтап тұр. Бұл банктерден несие алғысы келетін қазақстандықтар өтінішті қашан бере алатынын өз бетінше нақтылауы керек.
Жалпы, 2025 жылдың бірінші тоқсанында, яғни қаңтар, ақпан және наурыз айларында қазақстандықтар 7 пайызбен 1 428 ипотека алған.
Естеріңізге сала кетейік, "7-20-25" бағдарламасының шарттары мынадай:
ставка – 7% годовых; первоначальный взнос – от 20% от стоимости; срок – до 25 лет; можно купить только готовое новое жилье от застройщика; отсутствие жилья последние 18 месяцев –новое правило , которое появилось недавно; максимальная стоимость жилья:
мөлшерлеме – жылдық 7 пайыз;
бастапқы жарна – баспана құнының 20 пайызынан кем емес сома;
мерзімі – 25 жылға дейін;
құрылыс салушыдан дайын жаңа тұрғын үйді ғана сатып ала аласыз;
соңғы 18 айда басыңызда үй болмауы керек - жақында енгізілген жаңа талап;
тұрғын үйдің максималды құны:
25 млн тенге – Астана, Алматы, Актау, Атырау, Шымкент и пригороды; 20 млн тенге – Караганда, Туркестан; 15 млн тенге – остальные регионы.
25 млн теңге – Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент және қала маңы;
20 млн теңге – Қарағанды, Түркістан;
15 млн теңге – өзге өңірлер.