Қаңтар оқиғасы кезінде археологқа оқ атқан подполковник 7 жылға сотталды

1 345

Фото: istockphoto.comҚаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне кінәлі подполковник 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

7 ақпанда Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке Алматының әскери соты үкім шығарды.

Сот мәліметінше, Әубәкіров 2022 жылы 6 қаңтарда Алматы қаласында Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановқа оқ атқан. Сот барысында медициналық сараптама нәтижелері айтылды. 30-дан астам куәгер сұралды. 

Аталған іс бойынша алғашқы сот отырысы 2024 жылы 19 желтоқсанда басталды. Алайда бірнеше сот процесінен кейін сот жабық режимде өтті. Журналистер сот залына кіргізілмеді. Сот мұны ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік құпияларға қатысты ақпараттың барлығымен түсіндірді.

Алматы горнизоны әскери соты Айтжан Әубәкіровты Қылмыстық кодекстің 451-бабы (Билігін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тапты. Осылайша ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ марқұмның отбасына 30 миллион теңге моральдық шығын өтейді.

Қаңтар оқиғасы кезінде 49 жастағы алматылық азаматтың денесі табылған. Кейіннен оның археолог Ерлан Жағыпаров екені белгілі болды. Жағыпаровтың туыстары оның 6 қаңтарда жоғалып кеткенін мәлімдеген. 12 қаңтар күні оның қайтыс болғанын білген. Ол қолына кісен салынған, аяусыз соққыға жығылған, жүрек тұсынан оқ атылған күйде табылған.