Су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы көз жұмды
14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 м тереңдікте су астынан табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, 6 сәуір күні Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге барған болатын.
Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.
Қаз
Рус






