Су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы көз жұмды

1 612

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Құлсары / облыстық ТЖД14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 м тереңдікте су астынан табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айта кетейік, 6 сәуір күні Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге барған болатын.


«Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмысына қарамастан іздестіру жүргізген болатын. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 бірлік техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды», - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.


Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.