LRT жемқорлығына қатысты іс сотқа жолданды

1 168

Фото: azattyq-ruhy.kzСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров  Астана LRT компаниясының басшыларына қатысты іс сотқа жолданғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Антикор БАҚ арқылы Астана LRT ЖШС Ардан Талғат пен «Астана банкі» мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровты тергеуге шақырды. Осыдан кейін аталған істер алға жылжыды. 


«Антикор Олжас Тоқтаров пен Ардан Талғатқа қатысты қылмыстық істі тергеп аяқтады. Тергеу барысында орган аталған тұлғаларды Қылмыстық кодекстің 208 баптың 1-тармағы бойынша тергеуге шақыртты. Олар тергеуге келмеген соң, Антикор күдіктілерді БАҚ арқылы шақырды. Олар Қазақстанда емес. Сондықтан олар сонда да тергеуге келмеді. Қазір олардың ауыр қылмыс жасалғаны сырттай расталды. Қылмыстық іспен танысу жүргізіліп жатыр. 19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жолданды»,- дейді Бегайдаров.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.