Вахта қызметкерлері мінген автобус апатқа ұшырады

1 329

Фото: istockphoto.comОқиға Қаражанбас-Қаратұрын тас жолында болды. Мұнай өндірушілерге қызмет көрсететін компания қызметкерлерін Қаратұрын кен орнына жұмысқа алып бара жатқан автобус жылқыны соғып, апатқа ұшыраған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиғаның салдарынан төрт адам түрлі дене жарақатын алды. Оның бірінің екі аяғы сынып, Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, жауапқа тартылған. Сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижесіне қарай, жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

Қазіргі таңда жылқының иесі іздестіріп жатыр. Оның кім екені анықталғаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дерегі бойынша мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.