Оқушы қызды бірнеше жасөспірім зорлаған

1 826

Фото: ашық дерек көзі29 қаңтар күні әлеуметтік желілерде Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тарай бастады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полицейлер бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Қажет сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деді полиция.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 17 қаңтарда тіркелген.


Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр, - деп түсіндірді Зәкиева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.