Ақтөбеде газ жарылысынан 2 адам зардап шекті

212
Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнде сағат 2:37-де 8-наурыз көшесінде болған.

«Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп сәтте жарылып, 84 шаршы метр болатын қабырға мен шатыры құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты», - делінген ТЖД хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.