Қызылордада қалалық бағыттағы автобустан өрт шықты

1 349

Фото: Opennews.kzҚызылорда қаласында  жолаушылар тасымалындағы қоғамдық көліктердің  бірі көк түтінге оранды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
 

Қала орталығында орналасқан  білім ордасының маңында қоғамдық бағыттағы автобустың артыңғы бөлігі көк түтінге оранған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде бейне жазбалар көбейді.   Зардап шеккендер жоқ дейді жолаушылар. Дегенмен қала тұрғындары.


«Әкімдік тараптан, автобус паркі басшылығы бағытқа шығарған автобустарын қадағалауы тиіс. Егер біз байқамағанда түгелімен өртке оранар едік»,- дейді жолаушылардың бірі.


Ал келесі пікір қалдырған жолаушының айтуынша, арзан ДТ құйғандықтан,осылай көк түтін болады деп,осы қоғамдық көлікке мініп, өліп қала жаздағанын айтқан.




Алайда, Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасына қоғамдық көліктен өрт шыққандығы жөнінде ақпарат түспеген.


Өз кезегінде Автобус паркы "17 бағыттағы 205AP  номерлі автобус трубинасынан коллекторға май тамып түтіндеген, қазіргі уақытта автобус жөндеу шеберханасына келіп, жөндеу жұмыстары атқарылуда",- деп әлеуметтік желіде жауап берді.





Естеріңізге сала кетсек, устіміздегі жылдың 1 ақпанында  "№1 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУС ӨРТКЕ ОРАНДЫ" атты ақпаратымыз жарық көрген болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.