Жасөспірімдер қыз баланы қараусыз ғимаратқа апарып, ұрып-соққан

1 408

Фото: видеодан скриншот14 жастағы қызды мектеп оқушылары 1 жарым сағат бойы ұрып-соғып, қорлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге қызы бұзақылардан таяқ жеген ана хат жазған.  

Айтуынша, 25 тамызда 6 қыз жәбірленушіні қараусыз қалған камерасыз ғимаратқа алып барып, аяусыз ұрған. Соден кейін видеоға түсіріп, кешірім сұратып, мазақ қылған. Камера орнатылған аумақтарда құрылғыны бешпенттерімен көлегейлеп қойған. Кейін қыздың видеосын көрші балаларға таратқан.

«Жәбір көрген қыз бүкіл қорлықтан кейін биік ғимараттың 30 - қабатына көтеріліп, секіріп кетуге бекілген. Ол жарты сағат бойы шатырда тұрып, кейін райынан қайтып, үйіне оралған. Қыз бала құрбысына хабарласып болған жайтты айтып береді. Келесі күні анасына да айтады. Жәбірленушінің анасы дереу Алматы аудандық полиция басқармасына арыз жазып, бүкіл бейнежазбаны қаратады», - деп жазылған желідегі жазбада.

Қыздың анасы мен заңды қорғаушысының мәлімдеуінше, полицияға арыз жазылғанымен, тергеу жүріп жатқан жоқ. Іс тоқтап қалған. Қыз баланы бес күн өткеннен кейін ғана сараптамадан өткізге.

Дина Таңсәрі Бас прокуратура мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны осы іске назар аударуға шақырды.

 

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.