Қызылордада +44 градус қатты ыстық күтілуде

1 885

Фото:istockphoto

«Қазгидромет» РМК 17 маусымда 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша,  Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында +40...+44°C қатты ыстық күтілуде.

Абай, Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО, Астана және өзге өңірлерде күн +35...+40°C-қа дейін ысиды.

Жетісу, Абай, ШҚО, Ақтөбе, БҚО, Маңғыстау және тағы басқа өңірлерде найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, өрт қауіпінің жоғары деңгейі сақталады.

Көптеген облыстарда төтенше өрт қауіпі жарияланған. Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Семей, Тараз, Атырау, Талдықорған секілді қалаларда өрт қауіпі аса жоғары.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.