Қалалық білім бөлімінің бас маманы бюджеттің 800 мың теңгесін жымқырған

426
Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Құпия ақпарат бойынша 11.01.2023ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Бұл факт бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдіктелген. Қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу фактісі анықталған.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындаған.

«Ш.А.» қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.