Студенттер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды

1 629

Фото: ашық дерек көзіПетропавлдағы колледждердің бірінде 17 жастағы студент жатақханадағы ішімдік құйылған кештен кейін қолынан жарақат алған,- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.


СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде ақпаратты растап, екі жас жігіттің арасындағы жанжал пышақтасуға ұласқанын айтты. Олардың бірі жолдасын пышақтап тастаған. Бұл оқиға 15 қаңтардың кешінде орын алған.


"Петропавлдағы полиция бөлімшесінің қызметкерлері жанжалдың мән-жайлары мен себептерін анықтайды. Іс жүргізу нәтижелері бойынша мұндай жағдай қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қабылданады", - деп толықтырды полиция.


Іс жүргізу шешімі сот-медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қабылданады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.