Студенттер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Петропавлдағы колледждердің бірінде 17 жастағы студент жатақханадағы ішімдік құйылған кештен кейін қолынан жарақат алған,- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде ақпаратты растап, екі жас жігіттің арасындағы жанжал пышақтасуға ұласқанын айтты. Олардың бірі жолдасын пышақтап тастаған. Бұл оқиға 15 қаңтардың кешінде орын алған.
Іс жүргізу шешімі сот-медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қабылданады.
Қаз
Рус






