МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласының өзекті мәселелері талқыланған мәжілісте биыл салынатын мектептердің сапасы, құрылыстың уақытылы аяқталуы жіті назарда болуы керектігін ескертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Биыл өңірімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 10 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының» және жергілікті бюджеттің қаржысына 3 мектеп салынуда. Оның 7-еуін жаңа оқу жылында, 6 білім ошағын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Одан бөлек, 4 мектеп жанынан қосымша құрылыс салынуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының, Үкіметтің тікелей бақылауында. Құрылыс сапасын күнделікті қадағалап, мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстау қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Мұнан бөлек, мамыр айынан бастап облыстағы 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. Облыстық бақылау жөніндегі басқармасына жұмыс сапасын, мерзімінде аяқталуын қатаң қадағалау тапсырылды.


Сондай-ақ, жиында кейбір аудандардағы кешкі мектептердің жабылуына орай қысқартылатын педагогтардың жұмыспен қамтылуы, мектептердегі штаттық бірліктердің тиімділігі талқыланды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.