Жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Павлодар полициясыПавлодарда «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы жеңіл көліктері соқтығысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 


«Ақсу өңірінің Ребров ауылының маңындағы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада автокөлігінде болған сәби көз жұмды. Бала жақында ғана дүниеге келген, қырқынан да шығып үлгермеген. Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.