Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

264

Алматы облысында ірі апат салдарынан бес адам қаза тауып, үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


 Алматы облысы полициясының мәліметінше, жол апаты 6 тамызда Еңбекшіқазақ ауданында болған. 22 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

"Оқиға салдарынан бес адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Кәмелетке толмаған үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасына байланысты "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.