24 жастағы ер адам 12 жасар қызды кездесуге шақырып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған

1 180

Фото: “Жаңа адамдар” ұйымы24 жастағы Астана тұрғыны 12 жасар қызды кездесуге шақырып, жыныстық қатынасқа түспек болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Жаңа адамдар"  ұйымының белсенділері әлеуметтік эксперимент ретінде кәмелет жасына толған ересек қызды әлеуметтік желіге 12 жасар қыздың профилімен тіркеген. Желіге тіркеле салысымен қыздың бірден бірнеше жаңа танысы пайда болған. 


"Ең табандысы "Нариман" лақап атты жігіт болды. Ол баланы жыныстық қатынасқа ашық түрде шақыра бастады. Қыздың аң-таң болып, бұл не деген сауалына Нариман: "Сен төсекке жат, қалғанын көрсетемін" деп жауап берді. Қыздың жасы туралы сұрақ оны мазаламады. Хатта ол: "Мен тек жыныстық қатынасқа түскім келеді, тіпті сен 2 айлық болсаң да, мен сенен бас тартпаймын" деп жазды”, – дейді белсенділер.

Балаға жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған Нариман Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Нариман бірнеше күн бойы кездесуді қатты талап еткен. Кездесу орны ретінде қаладағы кинорумдардың бірін таңдапты. Бірақ кездесуге 12 жасар қыздың орнына ондаған белсенді барды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.