АУДАН ӘКІМІ 25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 361

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіҚазалы ауданының әкімі 25 қазан - Республика күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ардақты ағайын!

Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 

Бұл мейрам – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. Егемен  елдің еңсесін тіктеуге үлес қосқан бабалар рухына тағзым ететін, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ», - деген болатын.

Азат елдің ұрпағы ретінде біздің алдымызда тәуелсіздік жылдары жасалған игілікті істі жоғалтпай, халықтың бірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен туған тілімізге, ата-баба дәстүріне қамқорлық жасау міндеті тұр. 

Қадірлі жерлестер! 

Қазақтың ақыны, халық жазушысы Қалижан Бекхожин: «...Атағы кеткен алысқа, Республикам – алтын бақ!» деп жырлағандай, Республика күні – елдің маңдайына біткен бағы, бағалы бойтұмарымыз. 

Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің тарихында ерекше маңызға ие, халқымыздың еркіндік, бірлік және татулық жолындағы күресінің символы.

Республика күні – әрқайсымыз үшін жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы, ел тарихының жарқын беттерін жазуға ықпал ететін мереке. Бүгінде Қазақстан әлемдік аренада өзіндік орнын тауып, дамудың жаңа белестеріне қол жеткізуде. Біз осы жолда елдің тұрақтылығын, гүлденуін және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бірлесе еңбек етуіміз қажет.

Бірлік пен татулық, бейбітшілік пен келісім әрқашан халқымыздың басты құндылықтары болсын. Отанымыздың жарқын болашағы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуға дайын болайық.

Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, табыс тілеймін! Республика күні құтты болсын!


1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.