Әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеген азамат соттан өзін ақтауды сұрады
Тереңкөлде әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеген ер адам соттан өзін ақтауды сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Pavlodarnews.kz сайтының мәлімітенші, ер адам сотқа апелляциялық шағым түсірген.
Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы адам өлтiру фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарады (ҚК 99-б. 1-б.).
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделеп, апелляциялық шағымның дәлелдерін тексере келе, бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды деген қорытындыға келді.
Осыған байланысты үкім өзгеріссіз, сотталған адамның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.