Вице-министр қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай қалды
334
Депутат Елнұр Бейсенбаев Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтан қазақ тіліндегі сұраққа жауап беруді талап етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісте бүгін балық шаруашылығының мәселесі талқыланған. Отырыста депутат Елнұр Бейсенбаев Тимур Жақсылықовтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде қанша адам балықшы мамандығын 2009 жылдан бері игеріп шыққанын сұраған. Өз сауалында Бейсенбаев вице-министрден жауапты қазақ тілінде беруді талап етті.
Бұл сұраққа жауап берген Тимур Жақсылықов алдағы ноутбугына қарап, сұраққа жауапты оқып берді. Алайда ол жалпы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қалай жүзеге асқанын айтып кетті. Нақты жауап бере алмады. Оның жауабына қанағаттанбаған Елнұр Бейсенбаев сұрақты қайталай келе ««Дипломмен ауылға» бағдарламасына қанша ақша бөлінгенін сізден жақсы білеміз» деді вице-министрге. Тимур Жақсылықов ақыры «бұл сұраққа жазбаша түрде жауап береміз» деп құтылды.

Бағанадан бері сізге қойылған үш сұраққа, сізге, ауыл шаруашылығы министрлігіне, шекара қызметінің бірінші орынбасарына қойылғандай қазақ тіліндегі сұраққа орыс тілінде жауап беретін болсаңыз, онда жауап қайтармай-ақ қойсаңыздар болады. Өзге вице-министрден қағаз түріндегі жауапты алып аламын. Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілде қойылған қазақша сұрағына өзге, орыс тілінде жауап беруді нонсенс деп санаймын, - деді депутат.
Бұл сұраққа жауап берген Тимур Жақсылықов алдағы ноутбугына қарап, сұраққа жауапты оқып берді. Алайда ол жалпы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қалай жүзеге асқанын айтып кетті. Нақты жауап бере алмады. Оның жауабына қанағаттанбаған Елнұр Бейсенбаев сұрақты қайталай келе ««Дипломмен ауылға» бағдарламасына қанша ақша бөлінгенін сізден жақсы білеміз» деді вице-министрге. Тимур Жақсылықов ақыры «бұл сұраққа жазбаша түрде жауап береміз» деп құтылды.
Тағы да оқыңыздар
Қарағандыда атыс болды
1 614