"Қазақтелеком" интернет қызметтеріне жоғары баға белгіледі деген күдікке ілінді

1 954

Фото: Яндекс КартыБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы сымды интернет нарығына талдау жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Қазақтелеком" АҚ пен "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) монополиялық жағдайын айтты. 


"Байланыс операторларының интернет қызметтеріне баға динамикасы тексерілді. Талдау нәтижесі бойынша "Қазақтелеком" АҚ іс-әрекетінде тауарларға монополиялық жоғары баға белгілеу анықталды. Осыған байланысты ведомство бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша тергеуді бастады", – делінген хабарламада.


Сондай-ақ агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға басқа байланыс операторларының тұрғын үйлерге орнатылуына кедергі жасамау туралы ұсыныс жіберді.


"Агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруін қиындататын,  кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады", – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.