Үйінен тапанша тауып алған үш жасар бала анасын атып өлтірді

428

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында үш жасар бала үйінен тапанша тауып алып, анасын атып тастаған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


True Crime Daily басылымының мәліметінше, оқиға 21 қыркүйек күні болған. Полицейлер оқ естілген үйге келіп, жарақат алған әйел мен үш жасар баланы тапқан. 
33 жастағы Кора Лин Буш дереу ауруханаға жеткізілген, алайда ол екі сағаттан кейін ажал құшты. Кейінірек округ шерифі “бала тапаншаны тауып алып, абайсызда анасын атып тастағанын” мәлімдеді. 
Әжесінің айтқандары мен заттай айғақтар шерифтің айтқанына дәлел болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.