Дәмханада газ балоны жарылып, 4 адам зардап шекті

1 548

Фото: Видеодан алынған кадрҚарағанды қаласында көшедегі дәмхана киоскісінде газ балоны жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 22- ші қаңтар күні Ермеков көшесінде болған. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, киоск ішінде тұрған көлемі 17 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шыққан.

"Оқиға салдарынан күйік белгілері бар төрт адам зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай салдарынан сауда нысанының ішкі және сыртқы қаптамасы, жиһаздары мен тұрмыстық техникасы зақымданды. Жалынның таралу аумағы шамамен 30 шаршы метрді құрады. Қауіптің ұлғаюына жол бермеу үшін көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллоны жедел түрде сыртқа шығарылған.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, үш пациент жансақтау бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.