"Ұйғырлардың жыныс мүшелеріне екі электр сымын байлап, сол арқылы тоқ жіберетінбіз" - қытайлық тергеуші

530
Еуропаға қашқан ҚХР бұрынғы полиция детективі қытай билігінің мұсылман-ұйғыр тұтқындарын мойындату үшін қалай азаптайтыны жөнінде айтып бергені жөніндегі сұхбатты CNN арнасы жазған, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұрынғы полицейдің сөзінше, тұтқында отырған ұйғырларға лаңкестік әрекетін мойнына алдыру үшін оларды ұрып-соғып, электр тоғымен қинап және топтық зорлау әрекеттерін жасаған. 

"Байлауда отырған адамдардың жыныс мүшелеріне екі электр сымын байлап, сол арқылы тоқ жібердік", – деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар оның әріптестері адамдарды ұйқыдан айыру, суға тұншықтыру және камераның төбесіне іліп қою арқылы өз мақсаттарына жетуге тырысады. Ұйғырларды темір шынжырлармен ұрып, тұншықтырып беттерін таптайды. Полиция қызметкерлері мұнымен қоса тұтқында отырған мұсылмандарға бір бөлмеде отырған адамды зорлауға бұйрық бере алады. Бұл әсіресе ер адамдарға қатысты.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.