Жергілікті тұрғын интернет-алаяқтар үшін SIM-карталарды қосып бергені үшін жазаланды

1 508

Фото:© gov.kzҚостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

 Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері анықтап, ұстаған. Жұмыс жүйесі қарапайым болған, әйел белсендірілген мобильді нөмірлерге WhatsApp мессенджерінде аккаунттар тіркеп отырған. Кейін ол сол аккаунттарға қолжетімділікті алаяқтарға берумен айналысқан. Ал олар өз кезегінде банк және құқық қорғау органдары қызметкерлері ретінде танысып, азаматтарды қорқытып, ақша бопсалаған.

Телефон алаяқтарының сыбайласы төлемді криптовалюта түрінде алып, кейін қаражатты өз банктік шоттарына шығарып отырған.Оның пәтерінде тінту жүргізілген. Нәтижесінде 6 ұялы телефон, 3 планшет және әртүрлі байланыс операторларының 400 SIM-картасы тәркіленген.


«Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы және ықтимал сыбайластары анықталуда», деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.