Штаттан тыс істейтін қызметкерлер де декреттік демалысқа шығып, әлеуметтік төлем ала алады

1 296

Фото: Istock.com2025 жылдан бастап келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтардың құқығы штаттағы ресми қызметкерлермен тең болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Енді жұмыс берушілер штаттан тыс қызметкерлері үшін де әлеуметтік төлемдер аударып, декреттік демалыс, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өзге де төлемдерді өтейді.

Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмысқа тұрған әрбір қазақстандыққа қатысты. Бастама осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған.

Әлеуметтік кодекстегі өзгертулер енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Айта кетсек, әзірге штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер аударылмайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.