Аралда құқық бұзушылық саласында атқарылған жұмыстар сараланды

1 523

Фото: Арал ауданыАрал аудандық прокуратурасы 2024 жылдың 5 айында құқық бұзушылық профилактикасы саласында және аудандық прокуратурамен атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне есеп берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аталған мерзімде жалпы тіркелген қылмыстар алдыңғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде. Қылмыстардың төмендету мақсатында аудан көлемінде құзырлы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде аудандық прокуратураның бастамасымен қоғамдық кеңес, жергілікті атқарушы органдар мен аудандағы мейрамхана, тойхана, кафе меңгерушілері (жеке кәсіпкерлер) арасындағы өзара келісім орнату жөніндегі меморандум жасалып, мейрамхана және тойханалардың уақытын сағат 00:00-ге дейін, ал, кафелер мен кешкі мезгілде ұйымдастырылатын шараларды сағат 01:00-ге дейін өткізу туралы шешім қабылданды.


Сондай-ақ, алаяқтықтан сақтану жолдары бойынша «Толқын» газетіне және аудандық прокуратура, әкімдік пен полиция бөлімінің «Facebook» ресми парақшаларында мақалалар мен видеороликтер үнемі шығып, жадынамалар таратылуда. Бұдан бөлек «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында Арал аудандық Ардагерлер кеңесі және аудандық әйелдер кеңесінің қатысуымен аудандық полиция бөлімінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, қорғау нұсқамалары тағайындалған азаматтармен кездесу өткізіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Аудандық прокуратура және жергілікті атқару органдарымен бірлесіп әзірленген бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде, Арал қаласында орналасқан LED-экрандарда жарияланды және қаланың негізгі көшелеріне билбордтар ілінген. Профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың мекенжайлары ұдайы араланып, түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жүзеге асырылған қадағалаудың нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы орын алмаған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауданымызда қылмыстық істердің 100 процент электронды форматта тергелуі қамтамасыз етілген. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық салада атқарылған қадағалау жұмыстарының нәтижесінде ағамдағы жылдың 5 айында 17 тексеру жүргіліліп, тексеру қорытындысымен 32 ұсыну және 2 наразылық енгізілген. Олардың қаралу қорытындысымен 88 тұлға тәртіптік, 265 тұлғаға әкімшілік шаралар көріліп, 13 миллион теңге әкімшілік айыппұл өндірілген. Ал 40 миллион теңгенің мүлкі мемлекетке кері қайтарылған. Бұдан бөлек 15 мыңнан астам кәсіпкерлердің және азаматтардың құқықтары қорғалған. Прокурордың ықпал ету актісімен 7 миллион теңге мемлекет бюджетіне өндірілген.  Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында үнемі кездесулер жүргізілуде. Сонымен қатар ауданда жүргізіліп жатқан инвестициялық жобаларға сүйемелдеу көрсетілуде.


Сондай-ақ атқарылған жұмыстардың нәтижесімен ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатырған құны 39 миллион теңге болатын 6490 гектар жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қайтарылды және аталған жерлер басқа шаруаларға табысталуда.


Аудандық прокуратурамен алимент төлеуден қасақана жалтарған екі борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық істер тіркеліп, жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесімен істер сотқа жолданып, үкім қабылданған.


Бұдан бөлек, алимент төлемеген 8 борышкерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, тиісті жауапкершілікке тартылды.


Арал аудандық прокуратурамен аймақта азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын және құқық бұзушылықпен күресуді қамтамасыз етуде жоғарғы қадағалауды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жалғасын таба бермек.