Алматыда теміржол қызметкеріне оқ атып, жаралаған

444
Алматыда белгісіз біреу теміржол қызметкеріне оқ атты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны теміржол кәсіпорнының қызметкерін өлтірмек болды", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Бекеев аталған жайттың жай-жапсарын баяндады.

"2021 жылғы 26 шілдеде Алматы-1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз адамның "Н" есімді азаматты өлтірмек болып, оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті адам анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, қылмыс құралы болған – "Наган" жүйесінің револьвері тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді полиция генерал-майоры.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.